25.06.2023
  65


Автор: Серікбай Оспанов

Жауыннан соң

Жадырап көк,


қырмызы қыр түледі,


Қайта-қайта жылқылар сілкінеді.


Бақырайды күнбағыс күнге қарап,


Танымай қап, дегендей:


«Бұл кім еді?»


 


Бұлақтағы біткендей тастарға тіл,


Ақ бас шыңдар – ауыр ой басқан батыр.


Жол бойына жиналып,


Тұнып қалған


Шалшық судың түбінде аспан жатыр.


 


Ал көкжиек – бейне бір құндыз бөрік,


Қызыл-жасыл аспанды тұрды із бөліп.


Сонадайдан от шашып көрінеді


Сынықтары шынының жұлдыз болып.


 


Нұрын шашып Күн күліп тұр алыстан,


Ішімде ойнап барады бір арыстан.


Сала берді жадырап бар табиғат,


Жылап алған секілді қуаныштан.





Пікір жазу