25.06.2023
95
Өлшем
Артық жерден, артық жан жоқ Анадан,
Туа сала кім алдын жобалаған?
Күн шығатын секілді бату үшін,
Көрші ойланып,
Ұқсайды соған Адам?
Әу бастан-ақ заңы бұл жаратылыс,
Тау, тас, орман, жатпайды дала тыныш.
Арпалысып өтесің,
Бату,өлу
Әйтеуір бір түбінде болатын іс!
Аға бола білдің бе ағасызға,
Пана бола білдің бе панасызға?!
Адамдықтың өлшемі–
Елің үшін
Не бітірдің туу-өлу арасында!