23.06.2023
  92


Автор: Серікбай Оспанов

Мүсінші досқа

Тастан қашап қайтесің сом мүсін ғып,


Сыртқы пішін алдамшы


Болмысымды ұқ!


Көксегені елімнің – көңілімде,


Жанарымда тұр жылап сорлы Шындық.


 


Берілемін Қайғыға, ауыр Мұңға,


Бар адамзат ақ адал – бауырымда!


Ашу-ыза, жек көру, махаббатым,


Дауылым да,


Ішімде жауыным да!


 


Қондырғанмын кеудеме жарық Айды,


Жапырағын жақсыға жаным жайды.


Осылардың сұлбасы көрінбесе,


Мен кім едім?!


Ұрпағым танымайды!


 


Туған елдің жүректе – асқар белі,


Көк арманы, өзен көл, аспан, жері.


Жерге айналып кеткенім дұрыс болар,


Қашамай-ақ койшы сол тастан мені!





Пікір жазу