23.06.2023
  475


Гүлнәр тәтеме сағыныш.

Суық хабар кеп жетті құлағыма
Кең дүние аяқ-асты тарылды да
Өмірдін ащы дәмін сезіп ерте
Тәтемнен айырылып қалдым, өмір келте.

Бауырдан айырылу ауыр еді
Жанынды жегідей жеп кете берді
Тәтем-ау өзің барда түгел едік
Арқа сүйеп бой түзеп еркеледік.

Өзінмен өмір бізге қызық еді
Өзіңмен жездем қатар жүруші еді
Жан тәтем сенсіз өткен бұл өмір
Мәнсіз атқан таңменен тең еді

Еркелеп бір өзіне жүр едім ғой
Ақылшы тірегім болған алдымызда
Есейіп кеттім тәте бір-ақ күнде
Үш ботанның көз жасын көре сала

Қимастық сағыныштан ұмыта алар емеспін
Аппақ жүзін көз алдымда өшпес мәңгі елесің
Аққенжем деп іздеп келер екен деп
Жол тосып отырмын ғой Гүлнәр тате өзіңді іздеп.

Қайтемін көнбесіме амал барма
Соңынан дұға тілеп құран бағыштауда
Жаннаттың төрінен орын беріп
Бір АЛЛА алсыншы панасына!





Пікір жазу