23.06.2023
  710


Гүлнәр тәтемді еске алу.

Өмір мен тіршілік жалғасуда
Таң атып күн батып қайталауда
Өмір барда өлімнің бар екенін
Бірі білсе бірі білмей шатасуда.

Күндер өтті өзіңсіз таң атқалы
Еңсеміз көтерілмей жәй таппады
Өмір деген өлшеніп берілсе де
Қимастық сезімдеміз біздер әлі

Тым ерте кеткенін қоштаса алмай
Не болғанын түсінбей қалғанын-ай
Ұйықтап қайта оянып құшақ жайып
Бәрімізбен қауышам деп ойладынба-ай

Алысқа кеткендей көрінесіз
Мен келдім деп кірердей сезінесіз
Тәтем-ау дауысынды сағындым ғой
Түс көргендей өтті-де басылыды ғой

Қатты мінез мейріммінмен қатар жүрген
Әрдайым қамқор болып ақыл берген
Адалдықпен шындықты алға қойып
Үлгі болып әрқашан ұстанып ен

Армандарын көп еді ғой тәтешім
Бәрімізге бір-бір тілек тілепсін
Орындалмай қалмасын деген сезіммен
Ақ параққа қатар тізіп кетіпсін....





Комментарии

АККЕНЖЕ
АККЕНЖЕ 05.10.2023 15:37
Демеуова Гулнар Сериккызына арналады

Пікір жазу