17.06.2023
  143


Туған жерге арнау

      Туған жерге арнау


Жақсы көрем жерімнің топырағын,
Жатқа білем орманын, дала, тасын.
Отан деп соқса жүрек одан артық,
Сарыарқамнан асатын бар ма бағым.


Мен қазақтың қызымын намысы бар,
Өзімнің арқа қағар кең елім бар .
Қарағандыны сүйемін арқа тұтып,
Сәкен,Нұркен,Қасымдай тұлғасы бар.


Қарағанды-Жыр қайнарым !
Көмір жанып қойнауыңда тулайды ағын.
Кезіндей батыр мінез бабалардың,
Саған деген сағынышым нұрлы аймағым.


Қарағанды бас иемін өзіңе,
Мақтан тұтып балағаным есімде.
Құндылығы бар әлемнен асатын,
Көрігіңнен асар жер жоқ еш жерде.





Пікір жазу