Ұрпағымын жоқ іздеген жігіттің
Ұрпағымын жоқ іздеген жігіттің,
Өлеңдерін оқи берем күні-түн.
43-те ерте кетті өмірден,
Жолын қуып, ізін жалғау үмітім.
Ерекше бір бояуы бар өзіндік,
Өлеңдерін оқып оның таңданам.
Ел сыйлаған мен осындай адамның,
Немересі болғаныма мақтанам,
Барлығына бірдей еді көңілі,
Кең еді деп аңқылдаған жүрегі,
Жүретінін өзгені ойлап әрқашан,
Көзін көрген жандар оны біледі,
Бәрімен де тіл табыса білетін,
Ешкімді де бөлмей ол,тең көретін.
Егер одан біреу көмек сұраса,
Қолындағы барын бөліп беретін.
"Досы көпті жау алмайды"-дегендей,
Әрқашанда соларға арқа сүйейтін.
Бас қосқанда достарымен мүдірмей,
Шабыттанып таңға дейін сөйлейтін.
Қаламы мен қойын дәптер серігі,
Небір ойлар алысқа оны жетелеп.
Жалғыз қалса, күйге еніп ерекше,
Қиялына қанат бітіп кетер ет.
Зымыраған уақыт деген дүрмекте,
Өмірінің кем тұстарын, кеш білді.
Отырса да кейбір сәтте мұңайып,
Кінәлі деп ойламаушы ет ешкімді.
Күндер шіркін зуылдайт деп күрсінді,
Уақыттың бағасына мән беріп.
Табиғатқа, сұлулыққа сүйсінді,
Айналаны түрлендірген сән беріп.
Көрмесем де көргендей боп келемін,
Оқығанда оның жазған өлеңін.
Әр өлеңнің шумағынан атамның,
Жүрегінің кеңдігін мен көремін.
Жыр кестесі өрілген өлеңінен,
Мәңгі өшпейтін мен оның ізін көрем.
Болашақта тұрсам деймін ақындардың,
Есімдері жазылған тізімде мен!!!
немересі Әбдірахман ҚАЙРАТ