14.06.2023
148
Қара аспан астасып даламен...
Қара аспан астасып даламен
Тұрған сәт.
Жарыққа қарап ем;
Бір жұлдыз төменге құйылып,
Жап-жарық боп кетті бар әлем.
Ұмытпай түн түнек түрілген
Сол сәтті
Еске алдым бүгін мен.
Ол– жаны шығар-ау ақынның
Өлерде нұр шашып үлгірген?!