Бұл менің анам
Бұл менің анам — өте мейірімді, жүрегі кең, ақылды, айналасына күндей болып шуақ шашатын, бар жақсысын біздерге арнайтын, жүзі жылы, әлемдегі керемет ана.
Бұл менің анам — Өтірікті жек көретін, шынайы шыншыл адам. Ақ адал жолынан танбайтын, дархан көңілімен әрбір жанды баурап баурап алатын мейірімді жан.
Бұл менің анам — аялы алақанымен басымыздан сипап, мейірімді жүзімен жанымызға жылу беретін, қыста тоңдырмайтын, жазда ыстықта қалдырмайтын әрбір ісін байыбымен тиянақты жасайтын ардақты ана.
Бұл менің анам — құласаңыз демейтін, жамандыққа жол бермейтін. Жыласаң жұбататын, әдемі сөздерімен қуантатын, мейірімді сөздерімен жанымызды емдейтін керемет адам.
Бұл менің анам — біз үшін деп бар жақсысын таңдайтын, біз үшін деп тілек тілеп, біз үшін деп дұға қылатын, жәй-күйімізді бірден ұғатын әлемдегі бар жақсысын тек бізге арнайтын, үзілген жіпті жалғайтын бұл менің анам әрбір сөзі балдай тым...
Бұл менің анам — ақ көңілі бар, атар таңдай шуағына бөлейтін, батар күндей жылуымен емдейтін. Бұл менің анам — мәпелейтін еркелетіп, жанымды ұғатын, бар жақсысын қылатын бұл менің анам — анама ешкім жетпейтін.
Бұл менің анам — баласына алаңдар, баласының табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін дер жүрегі таза мейірімді адам.
Бұл менің анам — үйіміздің ұйтқысы болып отырған, үйіміздің бар жағдайын жасап отырған алтын құрсақты адам.
Бұл менің анам — ашық-жарқын мінезді, басқаларға қолындағысын беретін, қолынан келгенше көмек беруден шет қалмайтын асыл адам.
Осындай ерекше қасиеттерге ие болған менің ақ жаулықты анам расында да ерекше жан. Мен анамды жақсы көремін. Мейірімді жүрегін, айтқан әрбір сөздерін жақсы көрем. Анамның айтқан әрбір ақылына, кеңесіне құлақ асып жүремін. Аналар баласына жаман бол демейді емес пе? Балаларына қайта бар жақсыны тілейтін, балаларында бәрі жақсы болсын деп тілеп жүретін аналарды тыңдап жүру әрбір балаға парыз. Аналарымыз сондай жан ғой, сен қуансаң қуанатын, мұңая қалсаң мұңайып қасыңнан табылып, демеп жүретін игі жандар.
Міне, осындай мінезді асыл анамды келіп жеткен Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Анашым менің асыл анам, жүрші әркез қасымызда сіз аман. Аналардың күнінде, жүзіңіз болсын жайнаған. Анашым сол Жаратқаным жар болып, ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, немере, шөберелер ортасында гүл жайнап жүріңізші!