09.06.2023
  344


Автор: Аналар күні

Анашым менің ардағым

Анашым! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт десеңізші. Үш-ақ әріптен құралған осы бір әдемі сөз дүниені нұр шуағына бөлеп, шуағын бөлген Күндей жылуын төгіп, мейірімін береді. Өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Анашым барында өміріміз жайдарлы, көңіліміз көтеріңкі болатыны сөзсіз. Мейлі қай ел болмасын, қай тіл болмасын «Анашым» деген сөздің мәні ерекше де, қадірлі бола түспек.
Анашымның бізге деген махаббаты, мейрімге толы жүрегі – бәрі де тау суындай мөлдір, жібектей нәзік, жалғаны жоқ шынайы. Оның құшағы мен аялц алақанына ештеңе жетпейді. Нәзіктік пен мейрімділік атаулының жиынтығы – ананың құшағы мен жылы да еркелеткен сөздері бойымызға қуат беретіні анық. Сол себепті, ана құшағы ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?! Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ шығар. Аналар үшін әрбір баланың орны бөлек, қай баласы сүрініп қалса демеу болатын ана жүрегі балалары үшін алаңдай соғатынын білеміз. Мейлі сіз 50-де болыңыз, жүзде болыңыз бәрібір анаң үшін сіз кішкентай перзент болып қала бересіз. Батыр да туар анадан, ақын да туар анадан, әкім де туар анадан. Ардақты аналар болмаса батырларың, ақындарың мен әкімдерің қайдан шықсын?! Тіпті президент болсаң да ананың алдында мәпелеп өсірген бала болып қала бересіз.
Ана туралы көптеген өлеңдер бар жырларымен елді таң қалдырар. Ана туралы әндеріміз де көп, жанымызды жандандырған. Аналарымыз біздің гүліміз тамырын терең жайған, аналарымыз біздің жырымыз жан дүниемізді нұрландырған. Анасы бар адамдар рухани бай адам. Аналар барында қартаюды да білмейміз. Анасы бар адам қартайсайды десек, баласы жақсы аналар да қартаймайды. Яғни, анамызға жақсы қарай білсек, жүзіне қуаныш ұялата білсек, аналарды бақытты ете білсек өзіміз де бақытқа кенелетін боламыз. өмірдің Иә,ана деген сөзге бәрі де сыяр еді-ау,әрине оған дәл теңеу таба білсең…Жер бетінде анаға тең құдірет жоқ шығар. Анашым деген сөздің өзі жанымызға жылу ұялатары анық. Балалары қуанса қуанатын, шынайы бақытты болатын, балалары мұңайса мұңаятын осы біздің аналарымыз емес пе?! Баласы ауыра қалса жүректері ауырып, шырылдайтын да осы аналарымыз емес пе?! Анамен бала жүрегі әрдайым бірге. Өмірде баласы бір жағдайға ұшырап қалса,ана жүрек шырылдайды ғой,шіркін! Ана – өмір! Ана – төзімді, қайсар, құдіретті. Ана жүрегінен басқа мейірімді, төзімді нәрсе жоқ шығар. Ана әйел, адам ретінде де қараңғыны нұрландырған жұлдыздай жарқырап, күндей күлімдеп жүретін ғажайып жан. Ендеше, сол ғажайып жандардың мерекесі «Аналар күні» құтты болсын! Ана жүрегі жыламасын, Аналар күлімдесін, мұңаймасын!
Анашым менің, ардағым! Сізді Аналар күнімен құттықтаймын! Жүзіңізден күлкі кетпей, саулығыңыз мықты болып, ортамызда күліп-ойнап жүре беріңіз! Бала-шағаңыздың арқасында немере сүйіп, немерелердің арқасында шөбере сүйіп қызықтарына тоймай, қызықтарын тойлай жүре беріңіз!





Пікір жазу