09.06.2023
  182


Автор: Аналар күні

Ана деген үш әріп

«Ана» — деген үш әріптен құралған бір буынды сөздің астарында көптеген жанымызды тербейтін ыстық сезім жатыр десеңізші. Ана — ол басынан соңына қарай оқыса да, керсінше соңынан басына қарай оқыса да бір өзгермейтін сол бір сөзді қайта естиміз. Адам баласы өмірге шыр етіп келгеннен бастап-ақ ананың ақ сүтінен нәр алып, ананың ыстық алақанын сезінеді. Әрбір бала анасына жақын болып өседі. Ананың берген тәрбиесімен сусындап өсетін әрбір адам аналардың алдында өздерін кішкене баладай сезініп, аналарына еркелегісі келіп отырады. Анасы бар адамдар қартаймайды демекші, расында да анасы бар адамдар қартаймайды. Анасы барда анасын қорғанындай сезініп, жан дүниесі жандана түседі.
«Ананың көңілі балада, баданың көңілі далада» — деген мақалды алып қарайтын болсақ, баласын ойлап жүрген аналарды баласы ойлайды ма, даланы ойлап, көңілі басқа жақта болады. Ия, осы мақалдың өзінен-ақ, аналарымыздың баласы қанша жаста болса да баласын ойлайтынын, баласы үшін әрқашанда алаңдап жүретінін, баласына бар жақсыны тілеп жүретінін байқаймыз.
Ал біз ше, аналардың үміттерін ақтап, аналарды зор қуанышқа бөлеп жүрміз ба?! Жоқ дер едім, бәріне топырақ шашудан аулақпын, дей тұрғанмен бар сондай жандар, анасының берген ақ сүтін ақтамақ түгілі аналарын үйлеріне сыйғызбай қарттар үйіне жіберетін. Немесе, аналарына дөрекілік танытып, аналарына жекіріп тастайтын, көңілдерін қалдыратын жандар қаншама десеңізші. Мұндай қарым-қатынасты көрген балалар не істейді, үлкендердің жасап жатқаны дұрыс екен деп миына құйып алады да, үлкейген кезде дәл сіз жасағанды балаларыңыз да жасамасына кім кепіл?! Бұл өмір бумеранг дейді, «Атаңа не қылсаң алдыңнан сол келеді» — дегендей... Сондықтан да аналардың мейрімге толы жүректерін ауыртпайық, оларға жақсы қарап, олардың жай-күйлерін жасап, жүздеріне күлкі үйірліту әрбір баланың парызы деп білемін.
Аналардың жұдырықтай жүрегі балалары үшін соғады. Балалары жыласа жылайды, қуанса қуанады. Аналардың үмітін ақтау әрбір баланың міндеті деп білемін.
Аналарды құттықтау мерекесіне үшінші атаулы күн қосылып отыр. Ендеше, аналарымыздың құттықтау үшін тойланатын мынадай үш мерекесі бар: Анамыздың туған күні, 8 наурыз мереке мен осы мамыр айының екінші жексенбісінде келетін Аналар күні.
Ендеше, барша Аналар қауымын бүгінгі келіп жеткен «Аналар күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Барша аналарымыз аман болып, жарқырап жайнай берсін деймін!





Пікір жазу