09.06.2023
  364


Автор: Аналар күні

Ана деген мейірімді, асыл жан

Ия, расында да «Анасыз өмір — өмір ме?» демекші, анасы бар адамдар өте бақытты жандар. Өйткені Анасы бар адам анасына еркелеп, анасының алдында өзін бала сезініп ерекше бақытты күйде жүрері анық. Дүниеде Ананың балаға деген махаббаттынан асқан қасиетті нәрсе жоқ деп білемін. Ананың басымыздан сипаған ыстық алақаны әрбірімізді зор қуанышқа бөлейтіні анық. Аналарымыз ойланбастан баласы үшін отқа да, суға да түсетін асыл жандар. Олардың мейрімге толы нәзік жүректері баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін, «баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» — жүректері нәзік, баласына, отбасына әрқашанда жақсылық тілеп жүретін жандар осы біздің ақ жаулықты аналарымыз емес пе?!
Біз осы кішкентайымыздан ақ сүт беріп аялап өсірген, қате бассақ қатемізді кешірген ақ жаулықты аналарымыздың қадірін біліп жүрміз бе?! Оларға деген махаббаттымызды жеткізіп, оларды әр сәт сайын қуанышқа кенелтіп жүрміз бе? Анамызға әр күн сайын қоңырау шалып, жағдайын біліп, жүздеріне қуаныш сыйлап жүрміз бе?! Ойланайық, сналардың жүрегі тым нәзік, сен үйленіп, отбасылы болып кетсең де олар сен үщін алаңдап отыруын, саған бар жақсысын тілеп отыруын тоқтатпайды. Сондықтан, аналарымыз бен әуелерімізді құрметтеу әрбір баланың парызы.
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай балалары үшін тауды да қопаратын осы ардақты аналарымыз емес пе?! Баласы ауыра қалса жанұшыра баласы үшін алаңдап, оны емдету жолында аянып қалмайтын Аналардың жай-күйін сезіне аламыз ба? Жоқ, олардың жәй-күйін сезінбек түгілі кейбіріміз оларға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлейміз ғой, солай емес пе?! Тіпті біздің қазақ елінің ғұрпына сай келмейтін «Қаррттар үйі» қайдан шықты?! Сонда баланың анасына деген махаббаты әлсіз болғаны ма? Ойлаудың өзі қорқынышты...
Өмір жалған дегенде өмір жалған, бүгін бармыз ертең жоқ, қамшының сабындай ғана бұл өмірдің бізге берер жақсы да, жаман да тосын сыйлары көп емес пе?! Ертең не боларын ешкім де білмейді, сондықтан әрбір күнімізді аналарымызбен бірге өткізуге, жұмыс, қызметтеміз деп мүмкіндік болмаса күніне бір рет қоңырау шалып жағдайын сұрап, қуантып отырайық.
Міне, 2023 жылдың маусым айының бірінші жұлдызында «Аналар күні» мен «Әкелер күні» елімізде мемлекеттік атаулы күндер қатарына қосылып отыр. Осы мереке арқылы балалардың ата-анасына деген құрметтері мен жақсы көретіндігін білдіре алатын боламыз. Ия, расында да күйбең тірліктің арқасында кейде аналарымызды қуантып қоңырау шалуды да ұмытып кетеміз. Ал осы «Аналар күні» арқылы ұл-қыздары жиналып Аналар күні мен Әкелер күнінде ата-анасын қуантып, атаулы мерекемен құттықтай алады. Аналар күні әр жыл сайын көктемнің соңғы айында, яғни мамыр айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін болады. Ендеше, Аналарды қуантатын мынадай 3 мерекеден шет қалмайық: бірінші аналарымыздың жеке меншік мерекесі — туған күні, яғни өмірге келген күні, екінші мереке 8 наурыз халықаралық әйелдер күні, үшінші мереке осы мамыр айының екінші жексенбісінде келетін Аналар күні.
Ардақты да асыл жанды Аналарым! Сіздерді осы атаулы күн Аналар күнімен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер, немере, шөбере сүйіңіздер!





Пікір жазу