08.06.2023
188
Ана деген атыңыз
Ана деген атыңыз,
Бізге қуат береді.
Анашым жан анашым,
Елжіреген жүрегі.
Аналардың күнімен,
Құттықтаймын мен сізді.
Саулығыңыз мықты боп,
Қуантыңыз сіз бізді.
Әр күніңіз күлімдеп,
Жадыраңыз, жайнаңыз.
Мейрімді жан анашым,
Күлімдеңіз, ойнаңыз.