08.06.2023
116
Аналардың күнімен құттықтаймын!
Аналардың күнімен құттықтаймын,
Ақ жаулықты мейрімді Аналарым.
Жүздеріңнен қуаныш кетпесінші,
Аман болып жақының, балаларың.
Саулықтарың мықты боп лайым әркез,
Аналарым көктемдей құлпырыңыз.
Аналардың күнінде келіп жеткен,
Шад-шадыман көңілде үн қылыңыз.
Ашық болып аспаның Аналарым,
Күн күлімдеп нұрына бөлей түссін.
Жаратқаным жар болып әрқашанда,
Қолдап әркез сіздерді демей түссін.