08.06.2023
  71


Автор: Аналар күні

Аналарым жаулықты,  паналарым

Аналарым жаулықты,  паналарым,
Амандықта жүріңіздер гүлдей жайнап.
Аналардың күнімен құттықтаймын,
Жүріңіздер әрдайым күліп--ойнап.

Тек бақытын сезініп атар таңның,
Шапағатын сезінгін батар күннің.
Аналарым ардақты,  асыл жандар,
Таусылмасын шаттықты ән мен жырың.

Бұл өмірдің сезініп бар жақсысын,
Аналарым бақытты болыңыздар.
Немере сүй,  шөбере сүйіп сіздер,
Әрбір күннен қуаныш табыңыздар. 





Пікір жазу