07.06.2023
  205


Автор: Артюр Рембо

БӘРІН САТУ

Сатылады қазір нәрселер – иудейлердің өзі ешқашан сатпаған, бекзадалар да, қылмыс та дәмін татпаған, жауапсыз махаббат та таппаған.


 


Тобырдың тозақы тәрбиелілігі де білмеген, аша алмаған уақыт та, ғылым да – сатылады нәрселер.


Дауысты қалпына келтіру, оянуы хор мен оркестр күшінің және олардың тез қолданысқа түсуі, жалғыз жолы – түйсіктерді тірілтудің біздегі!


Тән сатылады – құнсыз, қарамастан қанының асылдығына, шыққан тегіне, жынысына, әлеміне жанының! Қимыл сайын шексіз байлық шашырап! Бақылаусыз жеңілдікпен сатылады гауһарлар!


Бассыз Билік сатылады көлемі үшін тобырдың; бағалаушылар үшін ең үздік, бұл – жойылмас ләззат; діндарлар мен ғашықтар үшін ең бір сұмдық өлім бұл!


Тұрғын үйлер мен көштер де, спорт пенен көріністер сиқырлы, мінсіз жан-тән рахаты, шу, қозғалыс және өздері жасайтын сатылады болашақ!


Нақты сандар мен жарасымдар самғауы сатылады – құлақ естіп көрмеген. Таңғаларлық мерзім менен табыстар: бәрі жедел жетеді.


Көрінбейтін кереметтерге, сезімге жат ләззаттарға ессіз, шексіз ұмтылыс; кез-келген күнәнің өзін естен тандырар құпиялары және оның, – ессіз шаттығы мен көзсіз күлкісі – зәреқұтын ұшыратын тобырдың.


Сатылады тән де, дауыс та, салтанат та толассыз – мәңгі сату, бірақ оны мүмкінсіз.                     Сатушылар    күтпейді    оның    ақырын.    Жолаушыларға   бұл саудалардан бас тартуға болмайды!


 





Пікір жазу