ЖАСТЫҚ ШАҚ
І. Жексенбі
Есептерді жиып қой – аспан сонда сөзсіз төмен түседі, естеліктер мен ырғақтар толқыны толтырады бүкіл бөлмені, басты және ақылды.
– Жылқы, көмір обасымен ауырған қала сыртында, гүл-алаңмен шауып барады, орман мен бақша бойымен. Бір жерінде әлемнің драманың бақытсыз әйелі күрсінеді қоштасудан соң ақырғы. Қарақшылық жарақаттар мен мастықтан соң шаршап жатырған сықылды. Өзен бойында серуендеген сәбилер даусы өшіреді қарғыстардың ащы үнін.
Қайта оралайық сабаққа, еңбектің шуымен салмақтар мен қысымдарда жиналып, көтерілетін көпшіліктің күшінде.
ІІ. Сонет
Қарапайым жан, денесі жеміс болған жоқ па оның бақшада піскен салбырап, – о балалық шақтың күндері! – шашатын байлық болған жоқ па оның денесі? Сүю деген – қатер ме, әлде жан жұмбағының күші ме? Жердің бауырайлары бар еді жемісті, жүрді онда ханзадалар мен әртістер, ал шежіре мен нәсіл қуушылық итерді бізді қылмыстар мен қайғыға.
Әлем – сіздің байлығыңыз бен қаупіңіз. Бірақ енді, бұл ауыр жұмыс біткенде, сен және сенің есебің, сен және сенің шыдамсыздығың, – бар болғаны сіздің биіңіз, сіздің үніңіз – қойылмаған, еркін, сәттілік мағынасының екіұштылығы болса да, адами бауырмалдық пен кісілік қарапайымдылықта, бейнесіз бүкіл әлемде, – күш пен құқық үн мен биге бағынып, енді ғана бағаланбақ. Біліңіз.
ІІІ. Жиырма жыл
Ғибратты сөздердің аласталған үндері... Қайғыланып тынышталған физикалық аңқаулық... Ақырын үн. О, шексіз менмендігі жастықтың және сенімнің түйіні: сол жазда әлем сансыз гүлдерге толы еді. Өліп бара жатқан әуендер мен бейнелер... Тазалық пен әлсіздікті сабырға шақыратын әуендер... Шөлмектен жасалған жаңғырықтары түнгі әннің... Шындығында, жүйкелер сыр береді жуырда.
ІҮ.
Киелі Антонийдің тура жолдан тайдыруына қарсы тұра алмайсың сен әлі. Шолақ ұмтылысы шабыстың, балалық мақтаныштың талмасы, көңілсіздік пен қорқыныш. Жұмысқа қайта кірісесің, бірақ сен: жарасымды барлық мүмкіндіктер сәулеттік үстеліңнің айналады маңында. Мінсіз және күтпеген жаратылыстар тәжірибе үшін құрбан етеді өздерін. Сен тұратын аймақтарда ежелгі көпшілік пен кереметке таңғалу армандап аяқ басады. Жадың менен сезімдерің қоректендіреді жаратушы серпінді, не болады, сен кеткенде, ал әлем? Не болса да, ұқсамайды еш, бейнесіне қазіргі.