07.06.2023
  128


Автор: Артюр Рембо

ДАНА

 


 


Ол – нәзіктік пен осы күн, көбік қыстар мен жазғы шу үшін есігін ашып, таза қылды ас-суды, өйткені, басымыздан көшіп жатқан табиғат көріністері мен дамыл орындарының шексіз шаттығы бар онда.


 


Ол – ертеңгі күн мен нәзіктік, қуат пенен ашулы, іренішке толы біз алыстан бақылайтын махаббат.


Ол – махаббат, басталған һәм аяқталған мінсіз өлшем, ғажап ақыл, алдын-ала болжатпас және шексіз мәңгілік: һәм үрейлі қасиеті бар, бар тағдырды өлшейтін айырықша қондырғы. О денсаулық шаттығы, бұлқынысы қуаттың, өзімшілдеу нәзіктік пен құмарлық, біз онымен азықтандырамыз өзімізді өмірбойы шексіз сүйетін адамды...


Шақырамыз біз оны, ал ол кезіп жүр мынау жер бетінде... Жоғалған кезде Табыну, естіледі оның уәдесі: «Ырымдар мен кәрі тән, отбасы мен ғасырлар, жоғалыңдар! Күйреп барады бұл дәуір!»


Жоғалмайды ол, түспейді ол бізге аспаннан, әйелдердің долылығы мен әуестерін ерлердің, барлық осы күнәлар үшін әкелмейді ол құрбандық – күнәмізді жуатын: себебі ол бар, шынында, шындығында, ол – сүйікті.


Оның қанша сапары, бейнесі, өмір сыйлар тынысы бар басқаға! Ең жетілген істер менен бейнелерге апаратын о, үрейлі шапшаңдық!


О жемісі ақылдың, алыптағы Ғаламның!


Оның тәні! Арман болған Азаттық, жаңа озбырлықтармен айқасқан ізгіліктің ойраны!


Оның оралуы! Алдында оның бағзы азаптар көтереді еңсесін!


Оның сәулесі! Керең азаптар топанының жойылуы, одан да зор сұлу саздар астында.


Оның қадамы! Ежелгі басқыншылықтардың алып қимылы.


Ол және біз! Жоғалып кеткен мейірім менен қайырымнан жоғары мейірімді мақтаныш.


Ол ұлы әлем! Және жаңа кесапаттардың жарық әні.


Ол бәрімізді білді және бәрімізді сүйді өлшеусіз. Қысқы түнде осынау, есімізге сақтаймыз: бір – мүйістен бір мүйіске, жердің дауылды шегінен ескі қамалға, шулы тобырдан теңіздің жағалауына, көзғарастан көзғарасқа дейін, қалжырап, тыңайып шақырғанда, теріс айналғанда жеткен толқындардың астында, қарлы далада – біз оның көзғарасына, тынысына, тәніне, сәулесіне еріп жүреміз.





Пікір жазу