07.06.2023
104
FAIRY
Елена үшін әшекейлі шырындар, пәк шөмеле астында және жүрекжұтқан сызықтар тылсым үнсіздік ішінде бүлік жасады. Өлі махаббат пен әлсіреген хош иістер бұғазы жаз ыстығын табыстады мылқауланған құстарға, таланына тиісті болған шаршауды бәсі қымбат қаралы қайыққа тапсырды.
Кейін, орман шуылына үн қосқан орман отаушылар әйелдерінің әндерін, дала даусына саз қосқан жылқы үйірінің қоңырауларын тыңдар сәт келді.
Еленаның сәби шағы үшін көлеңкелер мен ормандар, кедейлердің көкіректері, аспан аңыздары сілкінді.
Қай кезде де бұрынғыша, оның биі мен көздері асыл тастардан да, суық ықпалдардан да, әшекейлерден алған ләззаттан да, қайталанбас мезгілден де биік болып қалады.