07.06.2023
  95


Автор: Артюр Рембо

ҚОЗҒАЛЫС

 


 


Сарқырамалар маңындағы өзеншелердің иреңдеп ағысы, Кеме артындағы тұңғұйық,


Шұғыл ылдидың тереңі, Алапаты ағынның,


Саяхатшылардың жаңа химиясына, – Жазық пен су асты құйындарын Шырқ айналдыратын


Ешкім естімеген Жаңа ілімге апармақ.


 


Олар – химиялық жеке байлықты қуған Жаулап алушылар әлемді;


 


 


 


Жан рахаты мен спорт сапар шегеді олармен; Олар өздерімен бірге жануарлардың,


Таптық және нәсілдік артықшылықтар ілімін алып жүреді; Ол кемеде –


Басайналу мен сәуле ағындарының астында Үрейлі дәрістер өтеді.


 


Қан мен от, түрлі құралдар, Асылтастар арасындағы бос сөздер;


Бұл қашқын палубаны есептер былғап тұр; Көруге болады – моторлы су жолының соңынан Алып тоған құсап домалаған,


Әзәзіл әрі шексіз арайланған – Олардың оқу қоймасын; Оларды ұлы ашулар ерлігімен


Үндескен ессіз құштарлықтың қамалына қуып қамады; Таңғаларлық атмосфералық апаттар арасында Оқшауланды жас жұп қасиетті кемеде;


– Кешірімге ылайық, жабайылық ежелгі – Бір орыннан қозғалмайды, ән салып.


 





Пікір жазу