07.06.2023
  87


Автор: Артюр Рембо

САХЫНАЛАР

Жалғастырады жарасымын әжуалар ежелгі, бөліседі мамыражайын өзінің.


Театр сахналарының саябақтары.


Тасты даланың екі шетіне созылған ағаштан соғылған айлақта, ағаштардың жалаңаш бұтағы астында жабайы қарақшылар жүр қыдырып.


Будың қара дәлізінде, жапырақтармен, далалық шамдармен серуенге келгендердің соңынан телміреді жанарлар.


Жүзбелі тас көпірге жасайды шабуыл – тылсымның құстары, көрермендердің кемелерімен жабылған аралдар шоғырын қимылға келтірді ол көпір.


Сырлы    қойылымдар    дауылпаздар    мен     сырнайларға    сүйенген баспаналардан алып жатыр бастауын, ол баспаналар – заманауи залдардың маңайында һәм сарайларында жабдықталған бағзы Шығыстың.


Амфитеатр төбесінде жас орман айшықтаған әсем көрініс әрекетке көшеді немесе биік ағаштар көлеңкесінде, бейнелер кесіндісінде басқа әуендерге ауысып.


Әжуалы опера біздің сахынамызда жіктелмек, қасиетті галереяда орнатылған шымылдықтардың шетінде.





Пікір жазу