МҮЙІС
Алтын арай мен нәзік кеш ашық теңізден, вилла мен оның қосымша құрылысы жанынан біздің шағын кемені табады, Пелопоннес* пен Эпирдей*, Басты аралындай жапонның, жазирасындай арабтың соншалық кең бұл мүйіс. Нұрланған жерлер – қайта оралуымен салтанатты топтардың, алып қорғаныс құрылыстары – заманауи жағалаулардың, сауық жәрмеңкесімен, гүлдермен бейнеленген құмтөбе; ежелгі Карфагеннің алып жаптары; жағалаулары Венецияның күмәнді; Этнаның шашырандылары қураған; шатқалдары мұзды ағыстар мен гүлдердің; Германияның теректерімен қоршалған кір жуатын көпірлер; беткейлері ғажап саябақтарының және иілген бастары жапон ағаштарының; түрлі «Гранд» пен «Руаялейлері» һәм Скарборо* мен Бруклиннің* қасбеттері дөңгелек; бұл мейманхананың үйлесімсіз тұрағын шойын жол іреп, кеседі. Бұл сәйкессіз тұрақтар Италия, Америка, Азияның ең әдемі, ең алып құрылыстарының тарихынан алынған. Ол құрылыстардың әйнектері де, басқыштары да жарыққа, сусындар мен таза желге толы бұл күнде; саяхатшылар мен әйгілілерге ашық, күндізгі сағаттарда италиян билеріменен, өнердің шексіздігімен безендіруге болады – Мүйіс-Сарайдың қасбетін.