07.06.2023
  119


Автор: Артюр Рембо

О, НӘЗІКТІК

 


 


Жанып жатқан көмірлер,


қарлы боран ағынындай бұрқырап;


алмас желдің отты ағыны, ол желді жер жүрегі шығарған; жер жүрегі үнемі айналады көмірге – біз үшін –


О әлем!


(Ежелгі баспаналар мен ескі оттардың түнегінен келіп бізге әлдекім, тыңдайтындай біздерді).


Жанып тұрған көмір менен көбіктер.


Әуендер туып, иірімдер жылжиды, соғысады мұздар менен жұлдыздар. О Нәзіктік, әуен, әлем! Ал онда – барады ағып бейнелер, шаштар мен тер


және көздер самсаған. Қайнап жатқан әппақ жасы жанардың, – О Нәзіктік! – Және жанартаулардың тұңғұйығы мен арктика үңгірлерінен естілген сұлу қыздың дауысы.


 


Жалау...





Пікір жазу