07.06.2023
  134


Автор: Артюр Рембо

ТАҒЫ ҚАРАҚШЫЛАРДАН

Мезгілдерден, күндерден, тіршіліктен,


елдерден – әлдеқайда кейінде;


 


Тудың тісі сықылды қан-шылақ, жібегімен теңіздің,


арктика гүлдерінен жасалған (Олар болса, табиғатта жоқ, тіпті).


 


Естен шыға бастаған, ескі ерліктің салтанатты сарыны, –


ол сарындар біздердің санамыз бен жүрегімізге жасайды әлі шабуыл, – тым алыстағы кісі өлтіргіштен ежелгі.


 


Тудың түсі – қан шылаған ет сынды, жібегінен теңіздің,


арктика гүлдерінен жасалған (Олар болса, табиғатта жоқ, тіпті).


 





Пікір жазу