07.06.2023
  100


Автор: Артюр Рембо

ДАБЫЛ

Шамшылдықтардың ылғи өлуін кешіруді маған бұйырғаны үшін, жақсылықпен біткен жоқшылық жылдарыма алғысым үшін, – сәтті сағат соққанда, түпке жетер қолайсыздық үшін, – осының бәрі мүмкін бе?


 


(О, пальмалар! Гауһар тастардың жарқылы! – О, күш-қуат! Махаббат! Барлық даңқтан, бүкіл шаттықтан жоғары! Қалауыңыз болсын, жайлаған бәрін – Әзәзіл, Құдай – ол менің жастығым!


Ғылыми ғажайыптар кездейсоқтығы мен әлеуметтік туыстықтардың әрекеттері, – сүйікті ме екен олар да, – алғаш ашылған көкірек сияқты?


Бірақ әйел кейпіндегі Қансорғыш, айналдырған бізді сүйкімді жандарға, әмір етеді ол бізге: көңіл көтеруді қалдыра тұрып біздерге, өзіміздің де ермекке айналуымызды бүтіндей.


Тілейді олар: мезі қылып, діңкелетер теңіздермен, аспанмен – жарақаттарға ұмтылуымызды; жұтып тынар сулар мен көк кеңістігі арқылы азаптарға ұмтылуымызды; тылсым үнсіздікте күлкілі болып естілер ұмтылуымызды азапқа.


 


 





Пікір жазу