07.06.2023
  85


Автор: Артюр Рембо

ДӨРЕКІ НОКТЮРН

Беймезгіл бір үрген дыбыс – тас шымылдықтарды бұзып өтеді, мүжілген                    шатырларды    күйретіп,     ошақтарды     өшіреді,     терезелерді қараңғылыққа бөлейді.


Жүзімдікте, науаға қойып аяқты, отырамын арбаға, оның неше жаста екені әйнектерінен, майысқан есіктерінен, қисайған бейнелерінен дәл көрініп тұрады. Менің көрген түстерімдегі мәйіт-арба, бақташы үйі қарапайым жанымның һәм арба да езілген жолды кезіп жүр, бозарған беттер, жапырақтар мен кеуделер шырқ айналып жүр екен сынығында шынының.


Жасыл менен қара-көк түс қанықтырды суретті. Аялдама анау жерде, қиыршық тас ағып жатқан қақ құсап.


Мұнда ысқырықпен, күн күркірін – Содом менен Солимді (ессіз берекетсіздік падишаларын) һәм аңдарды, әскерлерді қаптаған жиып жатқан жоқ па екен?


(Түсімдегі арбакеш пен жануарлар мені көзіме дейін жібек бұлаққа батыру үшін, ысқырығымды қағып алмас па?)


Су мен сусындар шашырандысымен сабалап, дорбаауыз иттермен абалап, жүгіртіп қоймас па екен біздерді?


Желдің бір абалағаны бар ошақтың өшіреді оттарын.





Пікір жазу