07.06.2023
124
ГҮЛДЕР
Өзімнің алтын баспалдағымнан жібек жіптер, ширатпалы сұрғылт бу, жасыл барқыт пен күнге қарайған қоладай мөлдір шыныдан жасалған дөңгелектер арасынан, – күмістің, шаштың, қарашықтардың – өрнегі бар кілемде оймақтай болып ашылғанын көрдім мен.
Жұзаққа себілген алтынның түйіршіктері, інжулі күмбезді ұстап тұрған қызыл ағаштан жасалған бағандар, ақ түсті атлас гүлшоқтары, жіңішке сабақтары лағылдың су раушанын қоршап тұр.
Үлкен көк көзді, қарлы тәнді Құдайдай, теңізбен көк мәрмәр баспалдақтарға шақырды – жас әрі қуатты гүлдер шоғырын.