АРАЙ
Жазғы арайды құшағыма алдым мен. Сарайда әлі қозғалған жоқ ештеңе. Су өлі.
Қою, қалың көлеңкелер тастап кете қойған жоқ жолын әлі орманның. Көрген түстегі тірі һәм жылы күрсінулерді оятып, мен жүріп кеттім тіл қатпай, асыл тастар да назарын қадап, қанаттар ұшты дыбыссыз.
Ең әуелі кездескенім – тұнық, бозғылт жылтқа толған соқпақта, – маған бір гүл таныстырды есімін.
Самырсындар сыртындағы шашын жайып жайраған аққұба сарқырамаға амандастым жымиып: оның күміс шашыраған биігінен мен Құдайды таныдым.
Дәл сол кезде жамылғымның барлығын шеше бастап едім мен. Орман жолы қол бұлғайды.
Мен жазықта ол туралы айтып едім қоразға.
Ол қалада күмбездер мен қоңыраулар арасында жүгірді, мен де мәрмәрлі жағалаудағы жарлыдай, қуып жүрдім соңынан.
Лавр тоғайына жақын жоғарғы жолда мен оны орадым жамылғылармен, бір сәтке оның сезіндім ұлы тәнін мен.
Арай мен сәби құлап түсті етегіне тоғайдың. Оянсам, тал түс болыпты.