07.06.2023
93
ТЫЛСЫМДЫҚ
Қиябеткейде түбіт киімді періштелер тұр інжу мен шойыннан құйылған жайлауларға қарап қол бұлғап.
Отты орманның алаңдары төбелердің басына дейін секіріп.
Сол жақта – қара топырақ бүкіл адам өлтірулер мен шайқастардан тапталған.
Жамандықтың жаршысы – қара гуіл, бара жатыр зырғанап оның қисық жолымен.
Ал сыртында оң жақтағы беткейдің – күншығыстың, қозғалыстың сызығы.
Суреттің басқы сызығы – айналып, билеп тұрған теңіздің қуысы менен адами түннің гуілінен жасалған шақта болған бұл;
Көк пен жұлдыздардың, барлық қалған дүниенің гүлдеп тұрған момын халі шөгеді үнсіз төменге, қиябетке қарап тұрған себеттей, – қарсысында менің жүзімнің, – пайда болады сүйкімді, көгілдір түпсіз тұңғұйық.