07.06.2023
  75


Автор: Артюр Рембо

ҚАЛАЛАР

Ресми    Билік    (акрополь)   заманауи    қарақшылықтың    ең    алапат тұжырымдамасын көпіртіп түсіндіруде. Мызғымас мынау сұп-сұр аспан шашқан осынау күңгірт жарықты, бұл құрылыстардың патшалық сәнмен жарқылын, топырақты жапқан мәңгілік қарды мүмкін бе сөзбен бейнелеу?! Мұнда ұлы өлшемдерге дейін ұлғайтылған ғажайыптары көрсетілген сәулет өнерінің ең үздік. Мен көріп жүрмін Хэмптон Корттан жиырма есе үлкен көлемдерге ие көркем өнердің көрмесін. Қандайсың, сұңғат өнері! Норвегия Навуходоносоры* бұйырды министрліктің баспалдақтарын құруға; қол астындағы қызыметкерлері мен көрген, браминнен менмен кез-келген; алып мүсіндер күзетшілері мен құрылыстар қызыметшілері үрей туғызды кеудемде. Гүлбақтарды, аулаларды, жабық сатылар қатарын бекітетін ғимараттар шеруі арбакештерді аластады бұл жерден. Саябақтар, шынайы шеберлікпен өңделген алғашқы жаратылыстың табиғи үлгісі тәрізді қаланың жоғарғы бөлігі, о ондағы көріністерді мүмкін бе сөзбен жеткізу: кемесіз теңіз шығанағы жамылғысын жайып жатыр өзінің – ақылға сыймас көлемді шамдалдар ілген көкбұршақ түсті жағалауларда. Қысқа көпір астындағы шіркеудің жасырын жолына жеткізбек. Бұл Сент-Шапель шіркеуі, өлшемі он бес мың футты құрайтын шойыннан құйған сұңғат өнерінің діңі бұл. Жаяулар көпірлері мен баспалдақтардан һәм алаңдардың кейбір нүктелерінен бақылап, бұл қаланың тамыры қаншалықты терең екенін айта алам.


Мен түсіне алмаған бір ғажап: асты-үстіндегі басқа аудандардың деңгейлері қандай екені? Заманауи жат елдіктер үшін мүмкін емес мұны ұғу. Сауда алаңдарымен бір шешімде жасалған тарап жатқан жан-жаққа көшелерден тұрады, ада болған қақпа астына орнықтырған дүңгіршек, тас төселген көшелердің қары тегіс тапталған. Жексенбілік таңғы Лондон көшелері сияқты, мұнда сирек кездеседі ақсүйектері үндінің, барады олар асыл таспен безендірген күймеге. Тахтаның қызыл барқыты һәм солтүстік сусынының бағасы 800-ден 8000 рупийге дейін барады. Ауданымнан қандай бір театр тауып алмақ боп, өзім үшін аштым мен де жаңалық: дүкендер күңгірт драмаларға толы екенін. Полиция бар деп ойлаймын. Бірақ заңдар бұл жерде сондай қызық, мен өзімді қойғым келмейді жергілікті алаяқтар орынына.
Қала сырты мекендер де сондай сұлу, Париждің ең сәнді көшелерінің бірі дерсің бейне бір, – барынша мол құшағында жарық пенен ауаның. Демократияшыл күштер де, бар болғаны, бірнеше жүз жан ғана. Бір-біріне мінгесіп жатқан үйлер жоқ; елдімекен – сыртындағы қаланың даналыққа ұмтылады бір түрлі, батысты мәңгілік орманмен, ғажайып егінжайлармен толтыратын жоғалады «Графтық», ал ол жерде жасанды жарық астында ақсүйектер жабайы өздерінің шежіресін қуып жүр.


--------------------


Навуходоносор* – Вавилон патшасы, шамамен б.д.д. 1125 – 1103 ж.ж. билік жүргізген.





Пікір жазу