07.06.2023
  91


Автор: Артюр Рембо

ҚАҢҒЫБАСТАР

Беу, қорғансыз бауырым! Ауыр түндердегі сергектігім үшін қарыздармын мен оған!


«Мені бұл іске итермелеген жоқ құштарлық. Масайрадым сырқатына мен оның. Кесірімнен менің құлшылық пенен айдауға қайта кіріптар боламыз». Ол мені – қырсық шалған, тым аңғал деп ойлады, үйіп-төкті жайсыз сезім тудыратын дәлелін.


Мен күлкімен жауап бердім, мынау сайтан дәрігерге, терезені тасаландым ақыры. Сұлу саздар тоғысатын жазықтықтың шетінде, келешек керемет түндердің суатқыларын жасадым.


Гигиеналық дәмі бар бұл ермектің соңынан, сабан тыққан төсекте жаттым келіп керіліп. Түн сайын мен ұйықтар кезде, шіріп кеткен ұрты бар, көзі түптен ойылған байғұс ағам – ылғи өзін елестететін осылай! – есірік бір мұңға толы көрген түстерін айта жүріп айқайлап, залға мені сүйреді.


Күнұлы боп, бірге қаңғып, шарабын ішіп үңгірдің, жолдың нанын кептірген – жеп жүргенде екеуміз, орыным мен өмірлік, тұжырымымды тұрақты асыққанда табуға, мен, шынында, шын ниетпен мойыныма алдым, қалпына оны келтіруге бастапқы.





Пікір жазу