07.06.2023
72
ЖОЛ СОРАБЫ
Оң жақта – оятады жазғы күннің шапағы: жеңіл буды, баяу дыбыс, жапырақтарды бақтағы; сол жақта – еңістердің қара көк көлеңкесі қымтайды әлі кеуіп үлгермеген жолдар сорабын. Таңғажайып көріністердің тізбегі! Шын мәнінде: алтын жалатқан, ағаштан жасаған аңдарды, бақандар мен ала маталарды тиеген арбалар; цирктің жиырма ала аты шауып барады; өздерінің қызғылықты жануарларымен жүрген ересектер мен балалар; – ежелгі немесе ертектегі күймелердей жолаушымен, гүлдермен безендірілген 20 арба; қала маңындағы шопандар жырын айтатын тойға әдемі киім киінген балаға толы жиырма арба. Тіпті түн жамылған табыттар да, үкі қауырсындарын тағынып ұшқан табыттар да бар, – көгілдір және қара биелердің соңынан.