07.06.2023
  156


Автор: Серікбай Оспанов

Арманым биік болды ма...

Арманым биік болды ма,


Жетпедім жерге діттеген?


Қоя алмай келем орнына


Менде еді байлық, құт деген.


 


Тағдырға әркез ырзамын,


Беріп ед,


Беріп жүр әлі.


Алынбаса егер шындарым,


Бәріне өзім кінәлі.


 


Өртеніп,


Күйіп-жанамын,


Маза жоқ менде бұл күндер.


Аламын,


Іздеп табамын,


Тек қана,тағдыр,ғұмыр бер!


 


Жетемін!


Жетем!


Жетем мен!


Шығамын!


Шығам!


Шығам мен!


Аламын орын ертеңнен,


Сен берген, тағдыр, шыдаммен!





Пікір жазу