meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.06.2023
  107


Автор: Серікбай Оспанов

Егіз ұғым

Ақындыққа обал қып,


Мұңның құлы боп алдық.


Саясаттан сая іздеп,


Шылбырына оралдық.


 


Қатал ханның алдында


Шындықты айтса, бас алған,


Ақын үнсіз қалып па еді?!


Өлген жоқ па еді халық деп!


 


Жоқ ақында сатқындық!


Жоқ ақында салқындық!


Мойындаған жер жүзі-


Ақындық пен Батырлық


Екеуі елдің егізі.


Шынайы шың  Ақындық–


Батырлықтың негізі!





Пікір жазу