07.06.2023
171
Сыр шерттім досқа жасқанбай...
Сыр шерттім досқа жасқанбай,
Ағымнан талай жарылдым.
Шексіз де шетсіз аспандай
Көкжиегі кең жанымның.
Төмендеп көрген жоқ әлі,
Қырлардан талай ассам да.
Жұлдызым мүлде жоғары,
Көңілім күні аспанда.
Ілесіп кетем жарқылға,
Құштар боп құшақ жайған көп.
Сезімнің гүлі қалпында,
Көзімнің нұры тайған жоқ.
Себебі ме оның?
Себебі –
Өлең-жыр – жаным, ән – қанат.
Қартайтпай мені келеді
Адамға деген махаббат!