07.06.2023
  85


Автор: Серікбай Оспанов

Нәр алды жаным сәнінен...

Нәр алды жаным сәнінен,


Кеңдігін сүйдім даланың.


Керегім табылғанымен


Тереңін судың қаладым.


 


Ынтығып жаным-тәніммен


Сұлуға жалт-жалт қарадым.


Бәйгеге қоспағаныммен,


Жүйрігін аттың қаладым.


 


Сырласып құба таңыммен,


Ұстадым тұлпар – сөз жалын.


Биікке құмартқаныммен,


Билікке қолым созбадым.


 


Дем бер, сен, мейлі, дем берме,


Құшағың кең ғой, сүйем, күн!


Арамдық керек жерлерде,


Адалдық, саған сүйендім!


 


Астасып небір арманмен,


Арманға талай жалғадым.


Бойымды тіктей алғанмен,


Ойымды түптей алмадым...





Пікір жазу