07.06.2023
  94


Автор: Серікбай Оспанов

Бұл жалғанда айрылып мен сенімнен...

Бұл жалғанда айрылып мен сенімнен,


Жоғалтып ап отыр едім Жігерді,


Қайта-қайта тарқатылып өрілген


Өлең келіп бәрін серпіп жіберді.


 


Әудем жерге жете алмай мен,


Мұң басып,


Тарылғандай болып еді өрісім.


Іздеп келіп,


Күндіз-түні сырласып,


Берді тағы өлең маған қол ұшын.


 


Таршылықта,


Баршылықта


Суысқан


Кезіміз жоқ,


Жетеледі ол шыңға.


Одан асқан  жоқ екен ғой туысқан.


Одан асқан жоқ екенғой досым да!





Пікір жазу