07.06.2023
  59


Автор: Серікбай Оспанов

Мен ішпеген, жұтпаған...

Мен ішпеген, жұтпаған,


Көрмеген де көп екен.


Жаным қалай шықпаған,


Қалыпты-ау тек көлеңкем?!


 


Тірі жанға тілемес


Күйім,


Шықты өлесім.


Дәрі ішкен түк емес,


Өңеш жұтты өңешім!


 


Инелерін сұққылап,


Тесіп бітті терімді.


Мен шыдаймын,


Жұрт жылап


Әлсіретті сенімді.


 


Сау емес көз, аяқ та,


Бауыр, бүйрек, құлақ та...


Сүйенгенмен балдаққа,


Сүйеуші – Алла, құлатпа!





Пікір жазу