ЖҰМЫСШЫЛАР
О, алаулы ақпан таңы!
Беймезгіл Оңтүстік кедейлердің жарлы жастық шақтағы естеліктерін жіберді оятып.
Мақтадан тоқылған қоңырала белдемше Энриканың кигені, – киген оны өткен алыс ғасырлар – тіл-шүберек таққан телпек, мойында жібек орамал. – Қара жамылғаннан бетер көрінеді бұл көңілсіз. Серуен құрдық иеліктің маңында. Күн тым күңгірт, Оңтүстіктен соққан жел босап қалған бақтар мен қурап қалған егіннің қозғап кетті иістерін жағымсыз.
Мұның бәрі әйелімді қажытқан жоқ дәл мендей. Тапталған биік жол үстінен өткенде жауған жаңбырдан қалған қақтағы кішкентай ғана балықтарға көңілі ауды оның.
Түтіні мен шишалардың шуылы көмген қала салды бізді тым ұзаққа шығарып.
О, бөтен жұрт,
о игерген мекендер,
көлеңке мен көктен ғана бата алған!
Салды есіме Оңтүстік – сол балалық шағымды, жаздарымды үмітсіз,
қуатым мен білімімнің көптігін, – тағдыр менен алыстатқан мәңгіге. Жоқ! Бұл сараң, тым көңілсіз мекенде өткізбейміз бұл жазды.
Некелескен жетімдердей сезінеміз өзімізді бұл жерде. Мынау қатқыл саусақтардың енді қайтып сүйрегенін қаламаймын маған қымбат қолдарды.