07.06.2023
  122


Автор: Артюр Рембо

МАСТЫҚ ТАҢЫ

 


 


О менің байлығым! Сұлулық әлемім! О қаһарлы кернейлер, мен, шынында, қашқан жоқпын олардан! Сиқырлы кергі – ажырғы! Ұран шақыр, болмаған іс пен ғажайып тәннің құрыметі үшін, алғашқы сәттің салтанаты үшін және де! Бала-шаға күлкісімен басталды, аяқталмақ бұл солай. Кернейлер үнсіз қалғанда, сәйкессіздіктің Билігі жүргізгенде әмір жалғанда, у қалады қанымызда тарамай. Ал енді біз уәдені – жанымыз бен тәнімізге берілген һәм осынау ақымақтық тірлікті, жоғары адами бірлікті барлық көрген жәбірлерге ылайық, кәне, біртұтас қылайық. Бізге уәде берілген, махаббатымызды пәк, таза ертіп мұнда келу үшін қаймықпай, біржолата құриды деп Озбырлықтың Билігі, зұлымдықтың дарағы тас-түнекке тасталынады деп көміліп. Бірақ бәрі жеркенуден басталып, бейберекет қашуымен аяқталды барлық жұпар иістің, өйткені біз мәңгіліктің тұтқасын қолымыздан алдық мәңгі шығарып.


Сәбилердің күлкісі, құл-құманың сақтығы, пәк қыздардың таза, қатал қылығы жүздер менен бейнелердің қорқынышы осыдан, – сендер бәрің бата алдыңдар, естеліктер үшін ұйқысыз түн туралы. Бұл – жексұрын жеркенуден басталып, от пен мұздың періштесіне бас ұрумен тынды ақыр.


Қастерлі ғой мас кездегі сергектік, тым құрыса, бетперде үшін тарту еткен біздерге. Тың тәсіл деп бекітеміз біз сені! Ұмытпаймыз, кешегі тұрғыластарымызды біздердің бөлегеніңді даңққа! Күн сайын уға қанамыз, ғұмырымызды тарту еттік біржола, себебі уға нанамыз.


Келе жатыр Кісіөлтіргіштің таңы атып.


 





Пікір жазу