07.06.2023
95
АҚЫЛҒА АРНАЛДЫ
Саусақтарыңмен дауылпазды ұрып, сен одан барлық дыбысты шығаратының – тың үйлесімнің басы бұл.
Жетіп жатыр сенің жалғыз қадамың – жаңа адамдар қосылады қатарға, соңдарынан басқаларды жетектеп.
Сенің басың бұрылса егер теріске – махаббаттың тууы ғой бұл жаңа! «Тағдырымызды өзгерт біздердің, уақыт атты қамшыдан бастап,
қамшының бәрін тезге сал!» – деп саған әнін арнайды барлық балалар. «Құштарлығымыз бен бақытымыздың негізін, қайда болмасын, көтеріп, өрлет жоғары», – деп саған бәрі қылады нәзік өтініш.
Қашаннан бізге келгенсің, боласың және бар жерде.