07.06.2023
  71


Автор: Артюр Рембо

BEING BEAUTEOUS

 


 


Қардың қарсысында – ұзын бойлы Сұлулықтың үлгісі. Бұл тым сүйікті тән, қара елес тәрізді, ысқырығын өлімнің, тылсымға сіңіп бәсең естілген әуен сарынын қағып ап, ұлғайтып, діріл қақтырды; қанкүрең және қара-жаралар жарылып жатыр ұлы толқында үлкен салдардың үстінде. Әлі жасалып болмаған Елестің айналасында бостандық алған шын бояулары Өмірдің билеп жүр әне масайрап.


Оянған діріл озаны, бастапқы және түпкі себептің таңдайға дәмі тигенде – өлім ышқынуы мен қырылдақ сазға толады: алыста қалған бұл әлем, әлгінің бәрін ылақтырады сұлулық анамызға қарата, – ал ол кейін шегінеді де, жоғарыға өрлейді. О! Біздің сүйектеріміз жап-жаңа, ғашық тәндерін енді ғана киінді.


 





Пікір жазу