07.06.2023
90
АНТИКА
Тым биязы Пан ұлы!
Сенің гүлмен, жүзімдермен безенген әсем басың тұр ойнатып шарларды: асыл тастан жасалған – көздерді.
Жүзіңде өшпей шараптың қызыл-қоңыр дақтары. Жарқырайды азу тісің күлгенде.
Кеудең ұқсас қобызға, сенің аппақ қолдарыңнан қоңырау бара жатыр жүгіріп.
Ұйықтап жатқан жерде уыз тілегің – сендік жүрек соғып тұр. Еппен басып аяғыңды, шықшы түнгі сейілге.