Топаннан соң
Топан тоқтаған бойда, қоян жапырылған шөп пен иілген қоңыраубастың арасына кідіріп, өрмекшінің шатырына жүгініп, кемпірқосаққа бағыштады дұғасын.
О, бұғып жатқан асыл тастар, қауыз жарып, көзін ашқан гүлдер!
Ылас көшеде сауда орындары пайда болып, бәдіздегідей биікте мызғымай тұрған қайықтар теңізге қарай бет бұрды.
Көк Сақалда да, қасапханада да, циркте де қан ақты. Онда Құдай бозарған терезелерге мөр басты. Қан мен сүт ақты.
Құндыздар құрылыстарын бастады. Шайханаларда «мазаграндар» түтіндеп.
Әлі салынып жатқан үлкен үйде қара киінген балалар суреттерді қарап отыр ғажайып.
Есік қатты жабылды – шағын ауыл алаңында бала қолын бұлғап жүр.
Ол. Желбаққыш жалау тілі мен жауын астындағы қораздар қоңырауларының үнін ажырата бастады.
Ханым Альпіге күйсандық орнатты. Қастерлі де алқалы жиындардың салтанаттары басталды.
Керуендер жолға шықты. Аласапыран мұзтаулар мен Ақ Түннің арасына ғажап мейманхана салынды.
Сол сәттен бастап Айдың құлағы ести бастады: шиебөрінің жебіршөп
өскен шөлде жылағанын, шабаталы шаруаның мамыражай ғұмыр жайлы жырларының бақтарға қалай жайылғанын. Кейін маған көгілжім орман ішінде Эвхарис, – амазонка лаласы, мәлімдеді мұның көктем екенін.
Қайна, тоған! Ақ көбіктер, көпірлер мен жүгір орман үстінен! Қара көрпе мен әуреттер, найзағайлар мен күн күркірі, аласұрып күркіреңдер!
Сулар мен Мұң, көтеріле толқып, кері қайтарыңыз топанды!
Себебі, олар жойылғалы – о жасырынған асыл тастар, о қауыз жарған гүлдер, – сендерде зерігу басталды.
О, Патшайым, Сазды ыдыста өртеніп жатқан көмірді үрлеп жүретін Қара Сиқыршы Ешқашан не білетінін және біз білмейтінді Бізге айтпайды.