07.06.2023
  113


Автор: Серікбай Оспанов

Түн ұйқымды төрт бөлдім...

Түн ұйқымды төрт бөлдім –


Ұмытшақпыз неге біз?!


Бастан кеше өткен күн


Қайталанбас демеңіз.


 


Өмір – ұстаз,


Ел – мектеп,


Берері көп аз күннің.


Қайтадан мен еңбектеп,


Қайтадан мен қаз тұрдым.


 


Алда әлі айтар ән,


Ерекше енді ертеңім.


Қаз тұрдым ғой!


Қайтадан


Анық жүріп кетерім!


 


Қалып тағдыр таяғы,


Қайта жүріп кеткесін,


Әрбір күнім


Баяғы


Көктем күні боп келсін!


 


Көктем күні боп келсе,


Жадырамас жан қалай?!


...Бұл өмірден өткенше


Таусылмайтын арман-ай...





Пікір жазу