07.06.2023
102
Өскен жоқпын еркелеп...
Өскен жоқпын еркелеп,
Мен ем жалғыз қалған қаз.
Бал дәуренде жетелеп,
Сүйеу болған адам аз.
Еске салар соғысты
Қос балдаққа өкпелі ем.
Сол арқылы көп істі
Жасап,
Бастан өткерем.
Қол жеткізді билікке,
Орнымнан ол тұрғызып.
Аюдаймын
Циркте
Үйреткен тік жүргізіп.
Қол бұлғайды еркелеп
Жастық шақтың күндері.
Сенім,
Арман жетелеп
Таяқ сүйеп жүр мені!