06.06.2023
  101


Автор: Серікбай Оспанов

Шындық

Қайырсыздарды  қайқаңдатқансың,


Байыпсыздарды байпаңдатқансың.


Атқан ақ таңдай, күннің көзіндей


Айтарыңды айтқан датқамсың.


 


Таяқ жеп талай таланғаныңда,


Тар қапастарға қамалғаныңда


Ана жүрегі  сатпаған сені,


Халық тілегі қалған жаныңда!


 


Қай істі,қашан жасыра алғансың,


Хандардың да талай басын алғансың...


Санамда туып,


Қазір сен, Шындық,


Ішімде өлген асыл армансың!





Пікір жазу