06.06.2023
  71


Автор: Серікбай Оспанов

Қайырым

Бәріне де ісім ұнайды,


Ағайын сені сұрайды.


Жолатпаушы едің қасыңа,


Ұмытып кеше құдайды.


 


Ағарып атқан таңымда,


Жанымда жақын жүресің.


Сорым ба әлде бағым ба,


Жылайсың, бірге күлесің?


 


Бола қалды екен енді не?!


Шекпенділер мен шендіге,


Қалталыларға беретін,


Шақырмай жетіп келетін


Айлалы ма едің, Қайырым?!


Кімім бар еді сенетін


Аударылғанда қайығым,


Қайда жүр едің, Қайырым?!





Пікір жазу