Әке деген асылдар
Әкелердің орны әрбір отбасында маңызды рөл атқарады. Әкенің бір көзқарасы арқылы бала өзін батыл да жігерлі сезінері анық. Әкесі бар балалар бақытты дер едім. Расында да, әкесі бар бала өзін батыл сезініп, өмірге деген көзқарасы өзгеше, өздеріне деген сенімділіктері жоғары болып өсері анық. Әкелердің орнын ешкім баса алмайды емес пе?! Сондықтан да, қазақта әкелерді асқар тауға теңеген. Асқаралы Әкелер барында әрбір отбасының тірегі мықты болары анық. Әке тірбиесі бала психикасындағы ең маңызды кезең деп те айтуға болады. Әкеге қарап ұл өсер демекші, баласына дем беретін Әкелер әрбір ұл мен әрбір қызға биік қорған болып, оларды жамандықтан қорғайды. Тәлім-тәрбиесін береді. Әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды деген мақалға ден қойсақ, Әкелердің бала өміріндегі қандай маңызды рөл атқаратынын байқауға болады. Шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасының тіреушісі бола білетін Әкелер барда жігеріміз құм болмасы анық.
«Әкесі бар баланың жебесі тастан өтеді» — деп Бұхар жырау атамыз айтқанындай, баласына батылдық пен сенімділік беретін Асыл жанды Әкелер жасай берсін!
«Менің өмірімде мені жақсы көретін, маған қамқор болатын және еркелігімді орындайтын адам бар. Әке сіз бар болғаныңызға рахмет» деп мақтанышпен айтатын балалардың Таудай биік қамқорлық жасайтын Әкелері аман болсын!
Әр жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде келетін Әкелер күні құтты болсын! Асқар таудай Әкелеріміз аман болып, жүздерінен күлкі кетпесін! Әрбір шаңырақ Әкелерімен, аналары, балалармен бақытқа кенеле берсін!
Әке деген асылдар әрбір үйдің тіоегіне айналып, жанұяларын жақсылыққа бастай берсін! Әкелерін сағынып, әкелерін іздеп балалары жыламасын. Әрбір бала әкесі мен анасының құшағында бақытты болып, шаттыққа кенеле берсін!