06.06.2023
  362


Автор: Әкелер күні

Әкедер жайлы шығарма

«Әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ» — деген мақалды еске алар болсақ, Асқар тау әкелер балалары үшін әрдайым биік, әрдайым қамқоршы болатын адам. Әкелері бар бала өзін қорғаны мықты, жігерлі сезінері анық. Анасы бола тұра әкелері жоқ балалар бәрібір де өздерін сәл төмен санайтыны анық. Өйткені олардың төрт құбыласы тең емес, әкенің орны ойсырап тұратыны айдан анық. Әр баланың өмірінде әкенің де, атаның да, әже мен ананың да орындары бөлек екені айтпасақ та белгілі дүние екені сөзсіз. Сол жанына жақын жандардың ішінде Әкесі мен анасы бар бала толық қанды отбасында өскен, бақытты бала дер едім. Әкелер баласына үлгі болатындай іс жасап, оларға қамқор болса баланың әрбір арманының орындадуына титтей де болса жол ашып берсе бала үшін Әкенің орны бір бөлек болатыны анық. Тіпті, баласына ештеңе алып бермесе де, жәй басынан сипап, баласының қасында болса соның өзі баланы бақытқа бөлейді емес пе?!
Әр баланың өміріндегі әке орны ерекше, сол себептен де әкелерімізді мәңгілік құрметтеп, кішіпейіл бола білуіміз қажет. Әкелерді құрметтеп, олардың мәртебесін бала алдында өсіре білсек әкесінен көрген тәрбиені баласы да өз бойына қабылдап алары сөзсіз. Әкелердің арқасында әрбір атар таңымыз шуақты болып, Әкелердің арқасында әрбір бала тәрбиеге қанық болып өседі. Әкелердің арқасында жүзіміз жарық, басымызды тік ұстай аламыз. Біз үшін аянбай ең етіп, ыстық демей, суық демей қарнымызды тойдыратын да, киімізді бүтіндейтін де осы әкелер емес пе?!
Міне, баласы үшін аянбай еңбек етіп, күн демей, түн демей жұмыс жасайтын Әкелердің құрметіне елімізде «Әкелер күні» аталып өтілетін болады. Әкелер күні әр жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін болады. Бұл дегеніміз Әкелерге деген ыстық ықыласымыз бен алғысымызды білдіретін күн болмақ. Ендеше, дәл осы күні, Әкелер күні әкелерімізді осы атаулы күнмен құттықтап, оларға деген ақ тілегімізді білдіре жүрейік!
Асқар такдай Әкелер! Сіздерді жаздың жайма шуақ күнінде келіп жеткен Әкелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Жаратқаным жар болып отбасыларыңыздың алдында жасай беріңіздер! Еңбектеріңіз ақталып, абыройларыңыз асқақтай берсін!





Пікір жазу